Жаңалықтар 

Дипломмен ауылға аттанғандардың мерейі өсті

Биыл республика көлемінде ауылдарға қызмет етуге 11 мыңнан астам жас аттанған. Өңірімізде олардың саны 474-і құрайды. Ауыл-алтын бесік. Жыл бойы ауылымының көркейгені елімнің көркейгені деп ұрандатқан осы жастардың еңбегі бағаланды.

Бүгін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен аудандарда жұмыс жасап жүрген үздік жастар, патриоттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған облыстық форум аясында марапатталды. Олар үздік әлеуметтік сала қызметкері, денсаулық сақтау, спорт, білім беру маманы, мәдениет қызметкерлері.

Үздік әлеуметтік қызметкер деп Созақ ауданының жас маманы Ұлбала Нысанбаева танылса, үздік спорт маманы сыйлығы Сарыағаштағы № 1 мектеп футбол үйірмесінің жетекшісі Сәдібек мырзаға табысталды. Ал мәдениет қызметкерлері арасында дипломмен ауылға барған Қанат Асановтың (режиссер) мерейі үстем болды. Денсаулық сақтау маманы арасында Шаян ауылының терапевті Нұржан Елшібекұлы ерекшеленді. Ал Сарыағаштық тарих пәнінің ұстазы Жәнібек Елшібаев білім беру маманы арасында үздік болды.

Ұлбала Нысанбаева, үздік әлеуметтік қызметкер:

2010 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ тамамдадым. Дипломымды алып, туған жерім Созақ ауданына бардым. Мұндай марапатқа ие болам деп ойлаған жоқ едім. Бұл бағдарлама жастарды ауылға тартуға ұтымды ойлап табылған деп ойлаймын.

Жастар сыйлығы өз мамандығы бойынша ауылдарда қызмет етіп жүрген жас мамандарды кеңінен насихаттау, оларды үлгі ету, әрі қоғам алдында беделін көтерумен абыройын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Related posts

Пікір қалдыру

2 пікір - "Дипломмен ауылға аттанғандардың мерейі өсті"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

оте жаксы маған унады. мен де осы дипломмен ауылға жобасыменен ауылға туған елыме барғым келеды.соны қалай іске асырса болады, мен өзім Астанаданмын.

Жәнібек Елшібаев Сарыағаштан емес Созақ ауданы Құмкент ауылынан

wpDiscuz