Жаңалықтар 

Еңбек заңнамаларының сақталуына, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына кәсіподақтар да жауапты

Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тәжірибелік конференцияға кәсіподақтар федерациясының төрағасы қатысты. Кәсіподақ ұйымдарының белсенділері еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға, кәсіподақ қозғалысын қазіргі кезеңде реформалауға және жаңғыртуға бағытталған ұсыныстарды қабылдайды.

20 жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканың қатал принциптері бойынша дамып келеді. Бұл өз кезегінде еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарының қорғалуын талап етеді. Оны жүзеге асыруда кәсіподақтардың жауапкершілігі орасан. Алайда, нарық заманында олар міндеттерін толық орындай алмай отыр.

Тәуелсіздік жылдары жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Ондағы еңбек заңналамарының сақталуына, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын кәсіподақтар қатаң бақылауға алуда. Алайда, осыған қарамастан жыл басынан 58 жазатайым оқиға тіркелген, оның ішінде 13-і адам өліміне әкеліпті. Еңбек заңнамасының бұзылуы шағын және орта кәсіпорындарда да көптеп орын алуда. Облыстағы 13 мың ірі орта шаруашылық субъектілерінің тек 32 пайызында ғана ұжымдық шарт түзілген.

Жыл басынан 7 мекеме өз еңбеккерлеріне 78 млн. теңге еңбекақы қарызын төлемеген. 50-ге жуық ірі кәсіпорын басшылары ұжымдық шарт түзуден, кәсіподақ ұйымын құрудан бас тартқан. Бұл күрделіктер кәсіподақ қозғалысын реформалауға және жаңғыртуға қадам жасау қажеттігін айқындады. Ең маңыздысы -әрбір кәсіпорында меншік иесіне қарамастан кәсіподақ ұйымының құрылуын, онда ұжымдық шарт түзілуін қамтамасыз ету керек. Белсенділер осы арқылы еңбеккерлердің құқығы толық қорғалады деген сенімде.

Related posts