«Эврикада» жаңа акция

304
"Эврикада" жаңа логотип

«Эврика» сауда жүйесінде жаңа акция. Аталған сауда жүйесіндегі жаңа логотипке байланысты ауқымды жеңілдіктер жариялап отыр. Тұрмыстық техникаларға үлкен жеңілдіктермен қатар «Эврика» сатып алушыларға тосын сый әзірлепті. Өзіндік бренд логотипінің өзгеруіне байланысты «Эврика» сауда жүйесінде 30 пайыздан жоғары жеңілдік жарияланып отыр.

Төмендетілген бағамен тұрмыстық техниканың барлық түрін сатып ала аласыз. Тоңазытқыштан бастап теледидар, үтік пен шаш сәндегіш түрлі фен бәрі де жеңілдетілген бағамен. Мұнда келген әрбір сатып алушы сыйлықсыз қалмайды, ал кішкентайлар сүйікті мульткейіпкерлерімен бірге естелік суретке түседі. Сауатты сатушы-кеңесшілер көңіліңізге қонымды затты таңдауға көмектеседі. «Эврика» қызметкерлері брендтің өзгеруі негізді дейді.

Сатушы : «Эврика сауда жүйесінің ауқымы кеңейіп, заман талабына сай жаңарудамыз. Талай жылдық тәжірбиемен ел арасында сауда орны ретінде өзіндік стилімізді қалыптастырып үлгердік. Бізге сатып алушылардың сенімі берік. Сондықтан біз қатардан озық болуға талпынып жатырмыз.»

Шаттық Қажымұқан каратэдодан өткен әлем чемпионатының жүлдегері. Қажымұқан палуанның немересі «Эврика «сауда жүйесінің тұрақты сатып алушысы.

«Мұндағы тауарлардың бәрі көңілімізден шығады. Қызмет көрсету деңгейі мен тауар сапасы да. Презент-акцияны пайдаланып, теледидар сатып алуға келдім»- дейді ол.

Егер тұрмыстық техника алу қажеттілігіңіз болса, «Эврика» сауда жүйесіндегі презент акциясынан қапы қалмаңыздар. Жеңілдіктер мен тосынсыйлар жасау 24 қарашаға дейін созылады.