Жаңалықтар 

Фермерлер несие ала алмай жүр

Соңғы он жыл ішінде мемлекет ауыл ша­руашы­лығындағы ғылыми әзір­лемелерді даярлауға 20 миллиард теңге қаржы жұмсаған. Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Қаз­агроиннова­ция­мен» бірлесе оты­рып, отандық аграрлық ғылымды реформалау бағдарламасын қа­рауды тапсырды. Бүгінгі күні фермерлерді агроинновацияны енгізуге ынталандыратын тиімді шаралар қажет. Шетелдік техноло­гияларды ен­гізу әзірге ірі және орта шаруа­шылықтардың ғана қол­дарынан келеді.

Жарас Ертаев , Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» ЖШС-нің директоры: «Мұндай көрмелер өте қажет. Осыдан екі жыл бұрын біз «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан 50 млн. теңге несие алып, 350 ірі қара мал сатып алған едік. Мал шаруашылығымен айналысу оңай шаруа емес. Оның қыр-сырын осындай іс-шаралар барысында тәжрибелі мамандардан үйренудеміз. Төрт түлікке қажетті жемнің құрамы, мерзімінде малды егу, оны ветеринариядағы жетістіктерді пайдалана отырып, баптау сияқты мәселелер бойынша маңызды мәліметтер, кеңестер алдық. Бүгінде Сайрам ауданында мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын бастадық. Қазығұрт ауданында 750 малды бордақылаудамыз, келешекте оның санын 1500 ге дейін жеткізбекпіз. Шаруашылықты дамыту мақсатында «ҚазАгрофинанс» -тан несие алу үшін құжаттарымыздды Астанаға жеткізгенбіз. 4-5 ай болды , әлі сараптамадан өтуде. Рәсімдеуге қатысты күрделіктердің ең бастысы- кепілдікке мүлік қою. Осы жағы үкіметте жан-жақты қарастырылса екен».

Етті мал шаруа­шылығын астық өндірісі секілді стратегиялық салаға айналдыру қажет. Оны жүзеге асыруға «ҚазАгро» арқылы 130 миллиард бөлінген. Бүгінгі күні елімізге шетелден әкелінген асыл тұқымды малдардың үлгі­лерін пайдалана отырып, жалпы мал ба­сының сапасын арттыру жөніндегі селекциялық жұмыс­тарды күшейту қажет деп атап өтті елбасы   жақында өткен  аграршылардың форумында. Тағы бір бағыт жергілікті жерлерде фермерлерді қолдау.

Аман МӘДІБЕКҰЛЫ, Арыс қаласындағы «Сәулеш» өндірістік кооперативінің төрағасы: «Біз сияқты ұсақ шаруашылықтарға көрмеге қойылған қымбат техниканы сатып алу қиын. Бірақ, сиыр сауатын мына аппараттар қол жетімді-170 мың теңге. Сатып алғамызға қуаныштымыз. Өйткені шаруашылықта 120 сиыр бар. Өнімді балалар үйіне, №17-ші кәсіптік лицей мен теміржол колледжіне тапсырыспен өткіземіз. Осыдан 2 жыл бұрын 7 пайыздық жеңілдікпен 10 млн.теңге несие алғанбыз. Жүйелі жұмыстың арқасында табысқа жетіп, қарыздан да құтылудамыз.Несие алу біз сияқты ірі емес шаруашылықтар үшін тиімді. Бірақ, осал тұстары да жетерлік. Несие алу үшін бір талай құжат жинау керек, кепілдікке бағасы қомақты мүлік қоюың тиіс. Алайда,оған шамамыз да келмейді. Енді «Сыбаға» бағдарламасының шарттарын көрмекпіз».

Аудандарда фермерлік шаруашылықтардың дамып келе жатқаны жақсы нышан. Салдарынан ауылдағы азаматтар жұмыспен қамтылуда. Мал шаруашылығын өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асса халықтың тұрмысы едәуір жақсаратыны анық. Олай айтуға негіз де бар. Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарлама­сы­ның аясында аграрлық салада 75 жоба іске қосылды. Бұл — индустрияландыру картасына енгізілген барлық нысандардың жар­ты­сына жуығы. Енді жыл соңына дейін тағы да 92 аграрлық өндірісті ашу жоспарланып отыр.

Related posts