Жаңалықтар 

Көксәйек көркем өнерпаздар ордасына айналмақ

Төлеби ауданындағы саз мектебі қайта ашылды. Бұл сол маңдағы бірнеше ауыл шәкірттері үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған үлкен сый болып отыр. Осы күні саз мектебінің ұжымы күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратқа ие болды. Әр нысанды уақытша пайдаланып жүрген шәкірттер мен ұстаздар бүгін тұрақты қонысын тапты.

Саз мектебінде ұлттық аспаптардан бастап хор мен сольфеджио пәндері де өткізіледі. Үш жылдан бері дәріс алып жүрген шәкірттердің қазір концерт жетекшісі атануына сәл қалып тұр. Мұнда қазір 160-тан астам шәкірт нота танып, саз білімін арттыруда. Олардың басым бөлігі ұлттық аспаптарды меңгеруде. Шәкірттер келген қонақтарға өздерінің өнерін көрсетіп, меңгерген аспаптарының құлағында ойнады. Мұндағы оқушылар аудандық оркестрдің құрамына да енген. Талабы таудай шәкірттер түрлі байқаулардан жеңімпаз атанып келеді.

Жаңадан берілген ғимараттың күрделі жөндеу жұмысына 3 млн. 750 мың теңге жұмсалыныпты. Екі ауысымда білім беретін саз мектебін енді қосымша аспаптар мен керек-жарағын қамту жоспарлануда.

Related posts