Көктайғақтан 151 адам жарақаттанды

ОҚО-да қыс ауасы алқымнан алғалы көктайғақтан тайып жығылып, қол-аяғын мертіктіргендер қатары көбейіп кетті. Әсіресе соңғы екі күнде еріп жауған қар тоқтай сала шыңылтыр аяз қысып жолдарды көктайғақ басты.

Қыс басталғалы Шымкент қалалық Амбулаториялық хирургия және травмотология орталығына аяқ-қолын шығарып, сындырып алған 151-ге жуық адам келіп түскен. Соның 51 -соңғы күнде тайып құлап майыптанғандар.

Жығылып жарақаттанғандар жаяу жүргінгшілер жолына жауапты мекемелерге назалы. Сулы қарды қатырмай қырып, мұзды оюға болар еді,-дейді зардап шеккен жұртшылық.