Жаңалықтар 

Мүлік салығын төлеуде қиындықтар туындап отыр

Зәулім үйдің құрылысына ақша тапқан азаматтар мүлік салығын төлеуде селқостық танытуда. Енді Әл Фараби ауданының салықшылары берешекті сот арқылы өндірмек. Бұл жолы мамандар Наурыз шағынауданында рейд жүргізді.

Табанынан тозған мамандар салық төлеуден жалтырғандарды аралауда. Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі қыркүйектің 31-не аяқталды. Алайда міндетті төлемдерді өтеуде азаматтар жайбасарлық танытуда.

Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасы салықтан жалтырған 810 адамнан 7 млн. берешекті сот арқылы өндіруде.

Мамандар бұл төлемдер түбінде бәрібір өндіріледі. Сондықтан да өз жағдайыңызды қиындатпай салықтарды мерзімінде төлегендеріңіз жөн деп кезекті рет ескертеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz