Мұрағат қызметіне 85 жыл

2011 жылдың 11-айының 11-і күні мұрағат ісінің қызметкерлері торқалы тойын тойлады.  Оңтүстіктегі мұрағат қызметіне 85 жыл толуына орай облыстық опера және балет театрында ғылыми конференция өткізіліп, үздік қызметкерлер алғыс хат пен марапат қағаздарына ие болды. Айта өтейік, облыс орталығы Шымкенттегі облыстық мұрағат 1926 жылдың қазанынан бастап сол кездегі атау бойынша Сырдария губерниясының мұрағат бөлімі деп аталған болатын.

Ұлттың асыл қазынасы – мұрағатта емес пе?! Осы күнге дейін 1,5 миллионға аса құжатты сақтап келе жатқан үздік мұрағатшылар ата аманатын сақтауда ғимараттарының тапшы екенін айтады. Мәселен, аудандық мұрағаттардың ішінде Отырар, Сайрам өңірлерінде арнайы нысан жоқтың қасы. Қажетті талаптарға сай, типтік архив ретінде облыстық мұарағаттан өзге жергілікті нысаннан өзгесі ыңғайластырылған деп аталады.

Облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бастығы Мамырбек Құдияровтың сөзінше аталмыш мәселелер шешілу үстінде. Жалда отырған мұраттарға жаңадан нысандар сатылып алынуда.

Құжаттарды дұрыс сақтауға ғимараты жоқтардың ішінде Шымкент қаласы да бар. Былтыр облыс әкімінің шешімі бойынша жалда отырған шымкенттік мұрағатшыларға мың шаршы метрлік жер бөлініп, бүгінде олар сол жерде уақытша қызмет етуде көрінеді. Бюджеттен жаңа нысан үшін қаржы қаралып жатқанын да айтады М.Құдияров. Яғни, келер жылы Шымкент қаласының мұрағаты үшін «Нұрсәт» шағынауданынан арнайы нысан салынбақшы. Қазір оның сметалық жобалау жұмыстары бітіпті.