Оқыс оқиға 

“Мега” сауда орталығында саперлер жарылғыш зат іздестірді

ОҚО қақ ортасында тағы бір шу шықты. Сағат 17-лер шамасында қаланың барлық құқық қорғаушылары аяғынан тік тұрды. “Мега” сауда орталығында күдікті қорапша табылған деген мәлімет келіп түскен. Мұны бізге жауапты мекемлердің бірі хабарлады.

Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары мұндай жағдаймен жиі бетпе-бет келіп жүргені белгілі. “Мегадағы” жағдай да дәл солай болды. Сауда орны қоршауға алынып,  Тәуке хан даңғылы мен Ілияев көшелерінде жол-көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сауда орталығының ғимаратында саперлар жұмыс жасады.

Мұның бәрі құр әлек боп шықты. Өйткені ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Оқиға орнында ҰҚК, прокуратура, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен коммуналды шаруашылықтардың аптттан құтқару бригадалары жұмыс жасады.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "“Мега” сауда орталығында саперлер жарылғыш зат іздестірді"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Кудай сактасын!!!!!! Мегада ондай жагдайлар болмасын…

wpDiscuz