Жаңалықтар 

ОҚО-ның түрмелерінде дәрігерлер жетіспейді

Абақтыларда ақхалаттылар тапшылығы басым. Түзету мекемесінің өкілдері бұл жағдайды дәрігерлер үлкен жауапкершіліктен қашып келмейді деп түсіндіреді.

1028 азамат жазасын өтеп жатқан 167/9 қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде тек ғана 3 дәрігер бар. Мекеме басшылары ақхалаттылардың абақтыда жұмыс істегісі келмейді деп ашынады.

Тұрар Абылаевтың әрбір күні жазасын өтеушілердің денсаулығын тексеріп, оларға диагноз қоюмен басталады. Тексерушілер жеткілікті болғанымен, ол жалғыз. Оны әріптестерінің бірі зейнетке шығып кетсе, өзгелері қиындыққа шыдамай жұмысын ауыстырған. Ал, мекемеде болса дәрігерлер ауадай қажет.

Абырой болғанда қажетті дәрі-дәрмектермен қамту мәселесінде қиындықтар жоқ. Биыл 167/9 түзету мекемесіне осы мақсатта 10 миллион теңге бөлініпті. Тек дәрі жеткілікті болғанымен, сол дәріні тағайындап, қадағалайтын медицина өкілдері қажет.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz