Оңтүстіктен Мәжіліс депутаттығынан үміткер 5 азамат партия тізімінде

Саясат сахнасында қызу талқыға түсіп отырған тақырып Парламент Мәжілісіне депутат сайлауы. Бүгін белгілі болғанындай, «Нұр Отан» халықтық-демокраиялық партиясының XIV съезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Сол тізімде Оңтүстік Қазақстан обылысынан 5 азамат бар. Олар: Ұласбек Сәдібеков – «НұрОтан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Шалатай Мырзахметов – Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Уәлихан Бишімбаев – ОҚМУ-нің ректоры, Нұрдәулет Сәрсенов – Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Бауыржан Жамалов -«Мырзакент -Холдинг» ЖШС-нің бас директоры.