//
Жаңалықтар 

Оралмандар ауылына тағы қомақты қаржы бөлінді

Шымкент қаласының бюджетіне кезекті рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қалалық мәслихаттың депутаттары кезектен тыс 58 сессияда Республикалық бюджеттен бөлінген 2 млрд 979 млн тенге нысаналы трансфертті тиісті салаларға бөлуге келісімдерін берді.

Қаржының басым бөлігі әдеттегідей Асар шағын ауданына бөлінді. Оралман қандастарымыз қоныс тепкен аудандағы жылыжай шаруашылығын дамытып тағы 400 жылыжай салуға 591 млн тенге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға 188 млн тенге, рекрециялық аумақ яғни ата қонысына оралған отбасыларының тынығып дем алуларына ыңғайлылық тудыру үшін саябақ пен гүлзарлар салып беруге 890 млн тенге қаржы қаралды. Әрине Асар шағын ауданына жиі жасалып жатқан мұндай қамқорлыққа ауыз су мен тегіс жолды жылдап күткен қарапайым қала тұрғындары түгілі қалалық мәслихаттың депутатары да таңданды.

Бұдан бөлек мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыстарын іске асыруға 403 млн теңге қаралды. Жайлау мөлтек ауданында 300 орынға арналған мектептің құрылысы үшін 30 млн., құрылысы сағызша созылған Арғымбеков көшесіне 7 млннан астам қаржы қаралатын болды.

Бюджетік тұрақты коммисияның отырысында осы мәселелерді терең әрі нақты талқылаған қалалық мәслихаттың депутатары Асар шағын ауданына жиі бөлінетін қаржы төңірегіндегі әңгіменің көп таралуына байланысты. Облыстық мәслихаттың депутатарына өз ұсыныстарын жазуды жөн деп санады. Себебі Шымкент қаласында әлі күнге дейін не ауыз суы не жолы, тіпті көгілдір отындары жоқ шағын аудандар жетіп жатыр.


Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz