Жаңалықтар 

“Отырар” институты жоғары білім беруге құқылы емес

30-қарашада ОҚО сотында “Отырар” институтына қатысты Әл Фараби аудандық прокуратурасының талап арызы бойынша тыңдалымы өтуі тиісті болатын. Бірақ, сот отырысы болмады. Жауапкер сотқа отырысты кейінге қалдыруды өтінген.

Еске сала кетейік, жеке меншік “Отырар” институты 3 жылдан бері лицензиясыз жұмыс жасап келеді. Алайда, ЖОО студенттер қабылдап, түлектерге диплом тапсыруды тоқтатар емес. Оқу орны тек біраз уақыттан бері университет мәртебесін институтқа ауыстырған болатын.

Бүгінгі таңда мұнда 3 мыңнан аса шәкірттер білім алады. Тілшілер сот отырысы бойынша жағдайды әрі қарай назарда ұстайды.

 


Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz