Оқыс оқиға 

Республика даңғылындағы адам өлтіру қылмысы ашылды

Күдікті ретінде 24 жастағы ер азамат ұсталды. Тергеу амалдары көрсетіп отырғандай ұсталған азамат 42 жастағы дүкен иесін пышақтап, 770 мың теңгесін алып кеткен екен.

Еске сала кетейік, 28-қазан күні түскі сағат 14:00 шамасында орын алған ауыр оқиға туралы Абай аудандық ішкі істер бөліміне хабарлама түскен. Оқиға жылыту қазандықтарын сататын дүкенде орын алған. Соның салдарынан 42 жастағы дүкен иесінің әйелі пышақталып өлтірілген. Қылмыскердің қолынан қаза тапқан әйел. өз ерін бір сағат бұрын тауар әклуге шығарып салып, саудасын жалғастыра берген. Қайтып келген күйеуі жұбайының өлігіне үстіне түскен.

Сол арада екі жылыту қазандығын сатып үлгерген әйелдің кассасында төлем қаржысы жоқ болып шыққан. Осы салдарды ескерген полиция қызметкерлері тонау қылмысын қозғап, тергеу жұмыстарына тез арада кірісіп кеткен еді. Кәугерлердің сөзімен фоторобот жасалып, іздеу жұмыстары сол күні-ақ басталған болатын.

Айтпақшы, қанға малынып жатқан әйеліне «жедел жәрдем» шақырған тұста марқұмның жүрегі қағысы болған екен. Тездете жеткен дәрігерлер қанның көп жоғалуы салдарынан сатушыны алып қала аламаған. Нәтижесінде дүкен иесінің әйелі суық қару сұққан қылмаскердің қолынана қаза болған.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz