//

Сайрамда Қажымұқанның ізбасарлары бар

Бұл турнир жүздеген жеткіншектер үшін үлкен сый болды. Өйткені осындай жарыстардың арқасында ауылды жерлердің жастары үлкен спортқа қадам басады. Еркін күрестен чемпионат Сайрамда жалауын көтерді. Бұл жолғы дода Ұлы отан соғысының ардагері Берікбай Қозыбақовты еске алуға арналып отыр.

Шыңғыс Қозыбақов, турнир ұйымдастырушысы:
“Бұл жарыстың басты мақсаты ауылды жерлерде спорттың осы түрін дамыту. Оның үстіне көптеген балалар үлкен спортқа қадам жасауға мүмкіндігі болмайды. Ал мұндай трунирдің арқасында кәсіби мамандардың кеңесін алады.”

Жарыста ептілігін байқауға облысымыздың бес ауданынан палуандар жиналды. Бас жүлде үшін тартысты кездесулерде ауылдың мықтылары белдесті. Содан болар палуандардың өнерін тамашалуға жанкүйерлер көптеп жиналды.

Бегасыл Алпамыс, спортшы:
“Мен мұндай турнирге алғаш рет қатысып отырмын. Мықтылық таныттым деп ойлаймын. Екінші орын алдым. Бұл жеңісім үшін ұялы телефон сыйға аламын. Ал еркін күреспен шұғылданып жүргенімен 6 айдай болды.”

Турнир ұйымдастырушылары бұл жарыс алдағы уақытта жалғасын табады деп уәде етті. Дода нәтижесі бойынша мықтылар өзіне тиесілі сыйлығын алды. 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz