әкесімен соттасқан қызЖаңалықтар 

Сарыәулиенің қыздары әкесімен соттасып жатыр

Бахытгүл Исенбаева мен оның кәмелет жасына толмаған сіңлісі Ажаркүл Исенбаева Абай аудандық сотына бұрынғы анасынан қалған үйді қайтарып берсін деген талап арыз түсірген. Олардың айтуынша Марат Исенбаев мұраға қалдырылған баспананы заңсыз өз атына рәсімдеп, сатып жіберген.

Абай аудандық сотына екінші рет талап арыз түсірген Б.Исенбаеваның сөзіне қарағанда 1999 жылы аналары Қанағат Исенбаева әкесі Марат Исенбаевпен заңды түрде ажырасады. Ізінше анасы Шымкентке көшіп келіп, екі қабатты үйді сатып алыпты. Араға алты ай салып барып ол өмірден озады. Әкесімен тіл табыса алмаған жасөспірімдер осы уақытқа деиін нағашыларымен бірге тұрып келіпті. Марат Исенбаев та заңды түрде олардан бас тартқан. Алайда олардың анасынан үй қалғанын қыздары он жылдан кейін білдік дейді. Осыдан кейін ғана Бахытгүл Абай аудандық сотына арыз түсірді.

Қазір сот он жыл бұрын рәсімделген мұрагерлік құжаттың заңды түрде күшін жойды. Енді сотта марқұм Қанағат Исенбаеваның екі қабатты үйін балаларына қайтару жайы қарастырылып жатыр. Бірақ сотқа Сарыәулиенің өзі қатыспады. Себебі, емшілікті кәсіп еткен Марат Исенбаевтың бір сәт те қолы бос болмай шықты. Көмек сұрағанға қол ұшын созу үшін ел аралап кетіпті.

Ал оның заңды өкілі Лейла Бектұрғанова: «Емшінің ешқандай да заңсыз әрекетке бармайды.Ол әйел ауру әйел болған. Ол ешқаша жұмыс істемеген. Үйінде отырған. Күйеуінің қарауында болған. Ол қалай үй сатып алады. Өзінің күйеуі әперген үйді ол әкесінің малы деп отыр.

Бір қызығы мұрагерлік құжат пен үйді сату-сатып алу құжаттарын рәсімдеген нотариус сотқа қатыспады. Өйткені Нұрлан Әлиев нотариалдық қызметін тоқтатып, қазір облыстық әкімшілік соттың судьясы болып кетіпті. Ал облыстық нотраиалдық палатаның өкілдері болса рәсімделген құжаттар жоқ деп отыр. Сот барысында сондай — ақ рәсімделген құжаттардағы жер көлемі мен кадастрлық номерлері әр түрлі екені анықталды. Сондықтан, сот қосымша мамандар мен құжаттарға қатысы бар өзге де азаматтарды шақырту қажет деп тапты. Енді сот процесі біршама уақытқа созылатын түрі бар.

Related posts