//
Жаңалықтар 

Шымкент қысқа дайын

Оқу жаттығу штабы Қарағанды қаласында орналасқан болатын. Мұндағы жасалған жұмыстардың қорындылары облыстық штаб басқармаларына түсіп отырған.

Бұл оқу жаттығу жұмыстарын жүргізудегі мақсат Төтенше  жағдайлар департаменттерінің алдағы қыс мезгіліндегі табиғаттың тосын мінезіне дайындығын бақылау болатын. Шымкентте куммуналдық қызмет өздерін бұл ретте жақсы көрсете білген.

Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар қызметкерлері «ЛТД Тұрмыс» ЖШС жұмысын тексерген. Аталған компания қар жауғанда жолдың тазалығына жауап береді. Ал бұл компанияның қызметкерлері алдағы қақаған аязға дайын екендігін жеткізген. Осы жұмысқа қажетті қондырғылармен 27 көлік қоймада сақадай сай дайын екен. «ЛТД Тұрмыс» компаниясының қызметкерлері егер күтпеген жерден қар жауатын болса, бұл техника бірден Шымкент қаласының 82 көшесін тазалауға шамалары келетіндігін де айтып өтті.

Тағы да оқитындарыңыз