Жаңалықтар 

Шымкентте тағы бензин жоқ

Талонмен де таласып алады жанармайды

Қаламызда таңғы уақытта көлік нөпірінің ұзын сонар кезегі басталады. Жанармай құю бекеттерінде.Себебі тек таңертең ғана бензин қолма қол ақшамен сатылады. Түс ауа тек толон талап етеді, сұйық отынды сатушылар.

Қазір үлкен сұранысқа ие бензин маркасы тапшылыққа тағы тап болды. Жанармай сатушылар бұл жағдайды отынның аз жеткізілуімен байланыстырса, көлік жүргізушілері кәсіпкерлерді кіналайды. Олардың ойынша алып сатушылар бағаның қымбаттауын күтіп, әдейі сатпай отыр дейді. Қазір толонсыз берілетін АИ 98 бензині 145 теңгеден сатылуда.

Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Атырау, Повладарда және Шымкентте. Бірақ өкініштісі өтімді өнім өзімізде өндірілсе де,тарығып отырмыз. Жалпы ай сайын Шымкентке 56 мың тоннадан астам жанар май қажет екен. Бірақ қазір оның тек жартысы ғана жергілікті бекеттерге жеткізілуде. Оның үстіне қазір сұйық отынның сапасы да сын көтермейді.

Алып сатушылар 80 маркалы бензинда АИ 92-октанды отынына балап сатып жатқанға ұқсайды, жүргізіушілердің айтуынша. Қалай болғанда да айтылған мәселелер күн тәртібінен түспеуі тиіс. Тиісті мамандар тексеріп, текшейді деген үмітте жоқ емес.

Related posts