Компания жаңалығы Спорт 

Шымкенттің футболшыларына жаттығатын орын тапшы

Шымкенттің жас футболшылары әлі күнге дейін жаттығатын орын таппай жүргенде, олардың бапкерлері бір қатар орта білім беретін мектептердің табалдырығын тоздырып жүр. Кәсіпкерлердің демеулігімен бой көтерген шағын футбол алаңшаларын жалға беруді сұрануда. Мектеп әкімшілігі де көбіне қарсылық білдірмей спортшыларды қанатының астына алады. Алайда бүгінде бұл алаңшалардың да тозығы жеткен. Жасанды төселінген шөп жұлмаланып кеткені қашан. Ал футболмен шұғылданамын деушілердің қатары көбейіп келеді. Өйткені, ел басының тапсырмасы бойынша көпшілік спортын дамыту қажет.

Фурхат Атажанов, қалалық №7 футбол мектебі директорының орынбасары: “Стадиондар ауадай қажет. Бүгінде шағын алаңшаларда жаттығамыз. Біз үшін бұл да болса көмек. Алайда 15 жастан асқан футболшыны шағын алаңшаларда дайындауға болмайды. Ал біздің амалымыз жоқ. Сол үшін стадиондардың көп болғаны жақсы.”

Шым қаладағы “Хамза” бөлімшесінің тұрғындары бес жылдан бері алақандай жерді халыққа қайтаруы үшін таласуда. Өйткені, ол жерде хамзалықтар доп қуалап, спортпен шұғылданатын жалғыз алаңша. Алайда осыдан төрт-бес жылдай уақыт алдын стадионның орнына жекеменшік үйлер салына бастаған. Сол кезден бастап, Серікхан Құлмаханов қала әкімдігінен бастап, спорт бөлімдеріне дейін барып, жерді футболшыларға қайтаруын сұранған. 73 жастағы қарияның сөздеріне кім құлақ асып, қол ұшын бергені жайында сенбі күні сағат 20-50 эфирге берілетін “Топжарған” бағдарламасынан таныс бола аласыздар.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz