//

Спорт интернат аяқдопшыларының жеңісі

Күннің қарлы болуы спорт интернаттары арасындағы ел чемпионатының футболшыларына да бөгет болмады. 16 жастағы аяқдопшылар бір апта бойында доп қуалап, биылғы маусымның жеңімпазын анықтады. Олардың арасында шымкенттің үш командасы да болды.

Ақтық ойында павлодарлық командамен оңтүстіктегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының шәкірттері кездесті. Қос команда да жеңіс үшін тырысып бағуда. Есеп тең болды. Екіде екі. Ендігі кезекте қай команданың футболшылары гол соқса сол құрама жеңімпаз атанар еді. Алайда есеп ойын соңына дейін де өзгермеді. Ол дегеніміз жеңімпаздарды 11 метрлік соққы айқындады.

Нәтижесінде екі бірдей соққыны қайтара білген шымкенттіктер чемпион атанды. Турнирдің үздік ойыншысы да шымкенттік жеткіншек болды. Екінші орынды павлодарлық еншілесе алғашқы үштікті тараздықтар еншіледі.

Тағы да оқитындарыңыз