//
Жаңалықтар 

“Тәуелсіздік аруы” анықталмақ

ОҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Шымкентте “Тәуелсіздік аруы-2011” байқауы өтеді. Бүгін қаламыздағы барлық жоғары және арнаулы оқу орындарының өзін сұлумын деп санаған студент арулары байқау кастингісіне тәуекел етіп келіпті. Әсемдік додасына 17 мен 20 жас аралығындағы бойжеткендер қатыса алады.

Асхат Садырбай басшылық жасайтын әділ-қазылар алқасы байқауда сәлемдесу бөлімінде тіл мәнеріне, өнер бөлімінде арудың жүріс-тұрысы, өзін сахнада ұстай алуына және белгілі бір өнерді игергендігіне мән беріледі. Әрине, ел тәуелсіздігін тақырып арқауы етіп алғандықтан,көрермендер нәзік жандылардың патриоттық әрекеттерін де байқаудан көргісі келетіні анық. Сынға 20 студент іріктелініп алынбақ.

“Тәуелсіздік аруы-2011” кім болатыны 11 қараша күні С. Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде сағат 15-00 де өтетін байқауда анықталады.

Тағы да оқитындарыңыз