//

Төл теңгеміз “кәмелет жасқа” толды

15.11.2011 жылы, яғни бүгін қаржыгерлер төл теңгеміздің 18 жылдығын атап өтуде. ҚР Ұлттық банкінің ОҚ филиалының жетекші маманы Пердеқұл Ибрагимнің сөзінше, сол кезде қазақстандық теңге Англияда басылып шыққан. Бұл жұмыспен “Харрисон и сыновья” компаниясы айналысыпты. Бірнеше айдан кейін ИЛ-76 жергілікті ұшағымен төл теңгеміз елімізге жеткізілген екен. Ол кезде әуе кемесімен қандай жүктің әкелініп жатқанын ешкім білмеген де.

Бұдан бірнеше жыл бұрын 15 қараша қаржыгерлер күні болып белгілен-ді. Бұл күннің таңдап алынуы тегін емес. Тарихи кезеңдегі жауапты істі Ұлттық банктің қызметкерлері атқарды. Жаңа ақшаны алғаш рет халыққа таратқан да солар болатын. Сол уақытта кассирлер тәулік бойы жұмыс істеп, миллиардтаған ақшаны санаған екен.

Бүгінде кассир қызметін атқаратын Сымбат Сатыбалдиеваның айтуынша, осыдан аттай 18 жыл бұрын 15-і мен 20 қараша аралығында облыстық қаржы басқармасының кассасынан 117 миллиард Кеңес рубльі теңгеге ауыстырылған. Бұл республикадағы жалпы соманың 12 пайызы деген сөз.

Бүгінгі таңда төл теңгеміз әлемде ең ұтымды безендірілген валюталардың қатарында. Оның 17 қорғаныштық белгісі бар. Оған қоса банкирлердің статистикалық мәліметі бойынша, ОҚО бойынша депозит көлемі 76 миллиард теңгені құрайды. Атап өтерлігі, бұл салымның 74%-ын азаматтар ұлттық валюта – теңгемен сақтайды.

Биылғы жылдың көктемінде Ұлттық банк валюталық дәлізден бас тартты. Ол кезде доллардың құны бірден жоғарыламайды деген уәде берілген еді. Қаржыгерлер сөзінде тұрды. АҚШ долларының құны сәуір айында 145,7 теңгеге дейін, ал қыркүйек айында 147,6 болып қана өзгерді. Яғни, өзгеріс тек белігіленген дәлізде ғана орын алды. Бұл ұлттық валютаның курсы мықты екенін аңғартады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz