Жаңалықтар 

Төлебилік жастар Елбасыға ризашылықтарын білдірді

“Елбасы атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының бір топ жастарынан хат келді”,-дейді ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып “ҚазАқпарат” агенттігі таратқан ақпаратта.
“Хат иелері Елбасы бастамасымен жүзеге асқан «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламалары нәтижесінде жастар шет елде білім алып қана қоймай, оқу бітіріп келген жас мамандардың жұмысқа орналасуына мүмкіндіктер жасалып отырғанына ризашылықтарын білдірген”.

Төлебилік жастар 20 жылда қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктеріміздің басында ұлт Көшбасшысы тұрғанын айта келе, «… мемлекетіміз небәрі 20 жылда дүниежүзі елдерімен терезесі тең, қуатты мемлекетке айналды. Қазақстан – бүгінде береке-бірліктің киелі мекені. Туған елдің толағай табыстары бізді зор мақтаныш сезімге бөлейді. Өңірлерде жастарға барлық қамқорлық жасалуда. Жеке кәсібін ашқандарға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мемлекеттің келешегі – жастар. Сіздің артқан сеніміңізді, үкілеген үмітіңізді ақтаймыз деген сенімдеміз», деп жазады.

Хатқа Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық байқаудың дипломанты Мадияр Ниязбек, облыстық байқаудың жүлдегері Ботагөз Досалиева, самбодан екі дүркін Азия чемпионы Олжа Рысбектегі, бокстан екі дүркін Азия чемпионы Қайыргелді Дәуітбек және «Шамшырақ» жастар ұйымының мүшесі Асқарбек Алиқұлов қол қойған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz