Оқыс оқиға 

Тараздық жанкештінің туыстары табылды

Полиция қызметкерлері қаза тапқан террористтің туыстарын ұстады. Қазір оларды Тараз қаласының ІІД қызметкерлері тергеуде.

Жарылысты жасаған жанкештінің туып өскен жері Жамбыл облысының орталығынан 90 шақырым жердегі Қайыңды ауылы екен. Оның алғашқы ұстазы Күлсара Төртбаева бұрынғы оқушысының жасаған қылығын көршілерінен естіп, әлі күнге дейін таңданыстан есін жия алмай келеді.

Күлсара Төртбаева, М.Кариевтің мұғалімі:  «Өзің әліппиді үйреткен оқушыңның осындай адам сенгісіз қылмысқа барғанын есіткенде жаның қатты жабырқайды екен. Мен әлі күнге дейін бұл хабарға сенгім келмейді. Өйткені Марат зиялы отбасыдан шыққан болатын. Оның анасы біздің мектепте француз тілінен сабақ беретін».

Марат Кариевтің жасаған қылығына туыстары да әзер сенуде. Мәселен, оның Айзада атты жиен қарындасы ағасының өте жақсы адам болғанын, дінге терең сенген, үнемі намазын қаза қылмайтын жан болған деп есіне алады. Ал оның террорист атанғанын естігенде бүкіл әулет таңданғаннан есінен айырыла жаздаған.

Айзада, М.Кариевтің жиен қарындасы: «Біз нағашы ағамызды соңғы рет қыркүйек айында жұбайымен бірге біздің үйге қонаққа келгенінде көрдік. Ал өткен жексенбіде әжеммен бірге теледидар көріп отырып Тараздағы жағдайдың жәйі туралы көріп отырғанымызда барлық іске кінәлі деп нағашы ағамның аты-жөнін айтты. Әжем сол заматта-ақ Мақсат ағамның анасына қолдау көрсету үшін Таразға кетті. Бұл біздің отбасымыз үшін де күтпеген жағдай. Трагедия».

Бүгінде Мақсат Кариевтің барлық туыстары табылды. Олар түсініктеме беруде. ІІД қызметкерлерінің айтуынша, ол расында да джихаддизм ағымын ұстанушы болған екен. Суық қаруды қолданудың қыр-сырын жетік меңгерген. Ол сенбі күні өзін айуандықпен өлтіруі арқылы сеніміне берілгендігін дәлелдеген.

Соңғы кезге дейін Мақсат Кариев Тараз қаласында анасы және жұбайымен бірге өмір сүріп келген.  Және сондағы жиһаз цехында жұмыс істеп жүрген екен. Қазір тергеу тобы террористің араласу ортасы мен сыбайластары жайлы ақпар жинауда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz