Жаңалықтар 

Заңсыз қонаққа келуге болмайды

Қараша айында облысымызда «Мигрант» шұғыл-іздестіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш операцияға ҰҚК қызметкерлері, құқық қорғаушылар, кедендік бақылау департаменті, қаржы полициясы және ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының шекарашылары қатысты.

Бірлескен шараның басты мақсаты шетелдік азаматтардың өңірімізге келіп, кету тәртібінің заңдылығын анықтау, олардың арасында лаңкестік пен экстремизмге және сепаратизимге қатысы бар іздеуде жүрген тұлғаларды анықтап, құрықтау сонымен қатар заңсыз көші-қонның алдын-алу.

Осы мақсатта елді-мекендерде рейдтік тексерулер жүргізіліп, шекаралы аймақтағы тұрғындар арасында жиындар өткізілді.

«Мигрант» шұғыл-іздестіру іс-шарасы барысында 8 мемлекеттік шекара бұзушылары ұсталынып, 119 адамның елімізге келу тәртібін бұзғаны және 2 контрабандалық дерек анықталды. Нәтижесінде 42 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz