Оқыс оқиға 

Жүргізуші жол ережесін бұзып, қызды қағып өлтірді

Біздің редакциямызға автокөлікте орналасқан видео таспаға түсірілген бейне кадр келіп түсті. Онда “Ауди-80” автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші қызды бар екпінмен қағып кеткендігі түсірілген. Жол апаты 21-ші қараша күні Қонаев көшесінде орын алған. Оқиғағаның кездейсоқ куәгері атанған жүргізуші Байтұрсынов көшесінен Қонаев көшесіне қарай шықпақ болып тұрған.

Ал екі қыз жол ережесін бұзбай жаяу жүргінші өтетін жол бөлігінен өтіп бара жатқан. Күтпеген жерден “Ауди” автокөлігі шыға келіп қыздардың біреуін қағып кетеді. Зардап шеккен қыз 60 метрдей жерге ұшып түседі. Алайда қызды қаққан көлік жүргізуші оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Бірақ оның бұл ісі жүзеге аспады. Өйткені ол Рысқұлов көшесінде қолға түсті.

Бізге мәлім болғандай зардап шеккен қыз алған жарақаттарынан ауруханаға жетіп қайтыс болған. Оны қаққан жүргізуші масаң күйде көлікке отырған.

Салтанат Қаракөзова, ІІД баспасөзбен қызметініңң жетекшісі:

Қазіргі таңдаосы орын алған оқиғаға байланысты ҚР ның  қылмыстық кодекстің 296-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды.  Тергеу амалдары жүргізілуде. Ол азамат жасаған қылмысы үшін заң алдында жауап береді. Оның қызметтік шеніне қарамаймыз, жазасыз қалмайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz