Жаңалықтар 

Жазасын өтеушілер жаңа киімге көшеді

Түрмедегілер үшін жылы күртешелердің орнын енді қара түсті киімдер алмастыратын болады. Қатал режимдегі ИЧ 167/9 түзету колониясындағы бес азамат бүгінгі күні аталмыш киімдерді пішіп, тігумен айналысуда.

Жазасын өтеушілер мұндай өнерді арнайы курстарда үйреніпті. Қазір олардың тапсырысында ерлерге арналған 100 жиынтықты тігу міндеті тұр. Киімдердің әрқайсысы 1800 теңгеден бағаланған.

Батыр ӨСКЕНБАЕВ, жазасынөтеуші: “Іс тігуді түрмеде үйрендім. Қазіргі таңда осындағылар үшін арналған жаңа форманың пішімімен айналысып жатырмыз. Жаңа үлгінің кескінінде қауіпсіздік шаралары да қарастырылған. Яғни, тігіп жатқан жаңа үлгімізде түрменің талабына байланысты тыйым салынатын бірде-бір затты тығып немесе жасырын салып жүруге мүмкіндік берілмейді”.

Түрмедегілерге арналған киімнің жаңа үлгісінде оның түсіне қарап жазасының қаншалықты ауыр екенін де білуге болады екен. Яғни, жалпы режимдегі азаматтар көк түсті үлгіде киінетін болады. Ал қатал тәртіптегі жазасынөтеушілер үшін сұр реңктісі қарастырылған. Ал әйелдер колониясындағылар ашық сұр түсті формаларда жүрмекші. Киімдер су өткізбейтін және күнге шағылысатын қасиеттері бар маталармен тігілуімен де ерекше.

Серіжан ДИХАНБАЕВ, ИЧ 167/9 мекемесінің бастығы: “Республика бойынша қазіргі күні түрмедегі азаматтардың барлығын жаңа үлгідегі киімдерге көшірілуде. Біз бүгінгі күннің өзінде 1028 жиынтықты тапсырып үлгердік”.

Киімдермен қамту ісінде алғашқылардың бірі болып жасөспірім бұзақылар киінбекші. Одан соң нәзік жандылар жаңа үлгіге көшеді. Жазасын өтеушілердің басым бөлігін құрайтын ер азаматтарға кезек соңында беріледі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz