Жаңалықтар 

Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ құжаттар қаңтардан бастап күшін жояды

Жеке сәйкесетендіру нөмірі бар жаңа куәлік алмаған азаматтардың саны облыс бойынша 40 мың ал оның ішінде қалада құжаттарын рәсімдеуге 9027 азамат асықпауда.Жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ құжаттар келер жылдан бастап қолданыста болмайды. Күрделіліктер туындамас үшін уақыт тауып, құжаттарыңызды рәсімдегендеріңіз жөн деп ескертеді мамандар.

Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын рәсімдеуге келгендер санаулы ғана . Әдеттегідей,сонар кезек жоқ. Мамандар оған да алаңдаулы.2012 қаңтарда жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ құжаттардың күші жойылады. Ал азаматтардың көпшілігі құжаттарын әлі рәсімдемеген.

Жеке сәйкестендіру нөмірі- бұл азаматтың код ретінде қалыптастырылған он екі саннан тұратын, компьютермен тектіленген және өз иесі туралы деректер ұстайтын нөмір.

Жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке куәліктерді рәсімдеуде жылдамдықтың 3 санаты бар.  Ол жұмыс күні 7,  10 және 15.

Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ құжаттар 1-ші қаңтардан бастап қолданыста болмайтынын мамандар кезекті рет ескертеді. Сондықтан уақытты жіберіп алмай қазірден қамдану қажет. Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс күндері сағат 9 бен 19 аралығында үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 9-13 аралығында қызмет көрсетеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz