//
Спорт 

Жерлесіміз әлемнен күміс қанжығалап қайтты

Шымкенттік кикбокшы Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды. Жерлесіміз Нұркен Төлегенов Македонияда өткен байрақты жарыста күмістен алқа таққан. 58 елдің арасынан топ жару оңай болмағаны анық. Оның үстіне ақтық сында ол ресейлік кикбоксшымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңілген. Десек те, Нұркен Төлегеновтың бұл жүлдесі облыс үшін үлкен жетістік. Өйткені, ел қоржынын толықтырған жалғыз күмісті осы жерлесіміз салды. Енді Нұркен Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындығын бастайды. Басты жоспар, алтыннан алқа тағып, ел туын биікке көтеру.

Өкініштісі, бұл жолғы Әлем чемпионатында жерлесіміз Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Бабур Артықбаевтың жолы болмады. Ол алғашқы кездесуінің өзінде алаң қожайынымен кездесіп, жеңіліп қалған. Десек те, Бабурдың алар белесі әлі алда.

Оның үстіне, алдағы Лондон Олимпиадасында кикбоксинг спорт түрінен арнайы жекпе-жектер көрсетілетін болады. Ол дегеніміз, болашақта спорттың бұл түрі Олимпиадалық ойындардың тізіміне ілінуі әбден мүмкін.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz