Жаңалықтар 

Жылудың жәйі 15 күнде шешіледі

«3-Энергоорталық» қазанның 31-інен бастап, қаладағы 104 көпқабатты үйге жылу бере бастады. Өйткені ол үйлердің ішкі жүйесі ертерек қолға алынып еді. Алдағы 10-15 күн ішінде қаланы толықтай жылумен қамтимыз деген орталық биыл осы мақсатта тіпті 1,5 шақырымдық шіріген құбырды да ауыстырды. Тіпті, биылғы дайындықты бұрынғы жылдармен салыстыруға да келмейді дегенді айтады ондағы мамандар.

Жансерік ЕРБОТАЕВ, қазандық-турбиналық цехтың бастығы: «Қазір стансада әрқайсысы сағатына 500 тонна жылу өндіретін жоғары қысымдағы 3 қазандық бар. Станса толықтай газбен жұмыс істейді. Резервтік жұмыс жасау үшін мазутты қолданамыз. Қазір шамамен 28 мың литр көгілдір отын жағудамыз.

Дегенмен, тұрғындардың дегбірін қашырып отырған мәселелер де жетерлік. Мәселен, «Сайрам» мен «Теріскей» шағынаудандарының қысқа дайындығы жергілікті тұрғындарды мазалайды. Бұл мәселеге аталмыш орталықтың бас инженері Қыдырәлі Насибов «Теріскей» шағынауданына дайындық жұмыстарының жүргізілгенін айтады. Яғни, шағынаудандағы жарты құбыр жылу беруге дайын. Ал жартысын мердігерлер 2-3 күннің ішінде тапсырмақ екен. Ал «Сайрам» шағынауданында расында да кедергілер жетерлік дейді Қ.Насибов. Бірақ ондағы жылу ескі құбырлар арқылы берілмек.

Мамандардың жоспары бойынша қала алдағы 10-15 күнде толығымен жылуға қосылуы керек. Ол үшін соңғы дайындықтар да тәптіштеліп жатыр. Айтпақшы, жоспар бойынша жылудың құны 1 шаршы метріне 86 теңге. Алайда, бұл баға биылғы жылу маусымында өзгеруі де мүмкін.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz