//
Жаңалықтар 

Жылудың жыры толастар емес

Бүрсең қаққан тұрғындар бізді ойлайтын кім бар деп дабыл қағып отыр. Оларды алаңдатып отырған тағы бір маңызды мәселе-тұтынбаған жылуға ертеңгі күні төлем қандай болмақ?
“3-Энергоорталық” АҚ-ы белгілеген температура неге сақталмайды? Тұтынушылардың сауалы көп. Әзірге жауап нақты болмай тұр.

Бейбітшілік көшесіндегі №8 а үй тұрғындарының жылуберушілерге айтар сөзі де қалмады. Жылуға жарымай отырған олардың бірі пәтерлерін электр құралдарымен жылытса, кейбірі көгілдір отынды тәулік бойы пайдалануда.

Бейбітшілік көшесіндегі №8 үйдің төрайымы: “Бүгін міне 15-і әлі жылу жоқ”

Абай ауданындағы ескі үйлердің зейнеткер тұрғындары да үмітін үзген. Олар жылыту маусымының басталғанына екі жеті болды, жағдай қашан дұрысталады деп ашынады.

8-шағын аудандағы 61-ші үйдің тұрғындары болса элеватордағы температураның кіре берісте 40-тан 55 градусқа дейін бір күнде көтерілгенін, Шымкенттегі жағдайды үкіметтің отырысында талқылануымен байланыстырады. Соңғы 4 жылда да жағдай өзгермеді дейді кондоминимум төрағасы Иван Максимов.

Иван Максимов,15 шағынауданындағы 5 үйдегі кондоминимумының төрағасы :
3-Энергоорталық” АҚ бекіткен температуралық режимі-кірісте-110 градус , шығыста 70. Алайда кірістің өзінде 70 болса қуанасың ғой

Температуралық режим сақталмаса тиісті шаралар көру қажеттігін жақында өңірімізде іс-сапармен болған ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтің өзі нақтылап берген еді.

Үйлеріне сапалы жылу берілмеген азаматтар қалалық диспетчерлік қызметіне сағат сайын шағымдануда. Қала әкімдігі шара көреді деп сенеді. Алайда мұндағы кезекшілердің өзі жылуберушілерге хабарласа алмай әбігерге түсуде. Соңғы күндері мұндай сәттер жиіленіп кеткен. Бұған өзіміз де куә болдық.

Арапат Абдурахманова, қала әкімдігіндегі диспетчерлік қызметтің кезекші қызметкері:
“3-Энергорталықтың” берген 33-02-17,33-08-97 телефондарына хабарласқаныма 1 сағат болды, өздеріңіз көріп отырсыздар байланыса алмадым.

Шұғыл желіге түскен қоңыраулар бойынша жұмыс жүргізілмесе, оның қажеті қанша? Бұл көзбояушылық па әлде есеп үшін жасалатын тірлік пе? Тоңған шымкенттіктер осының жауабын естігісі келеді

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz