Жаңалықтар 

Қайырымды компания тұрғындарды қуантты (PR)

Бетонды арықтар орнатылғанға дейін мұндағы қалдықсудың үстімен жүру тым күрделі болатын

Еңбекші ауданына қарасты “Екінші Көксай” елдімекенінің тұрғындары қуануда. Өйткені, аталмыш ауыл құрылғалы ондағы көшелердің не атауы, не реті жоқ. Ондағы қалдық сулардың көше бойымен ағуына шағымданып тұрғындардың бармаған жері қалмаған екен.

Бұл көшенің осыған дейінгі ахуалы тым жаман еді. 100-ден аса отбасы тұратын көше бойынан қалдық су ағып, исі қолқаны қабатын. Ал жаңбырлы күндердегі жағдайды тілмен түсіндіру қиынның қиыны. Бұл қорлықтарды осы ауылда 20 жылдан бері тұратын Айгүл Раманқұлова қорқынышпен еске алады.

Айгүл РАМАНҚҰЛОВА, “ЕКІНШІ КӨКСАЙ”елдімекенінің тұрғыны: “Жаңбыр жауса қолымызға кетпен алып дайын тұрамыз. Аяғымызбен балшық суды кешіп жүреміз кәдімгі баяғы заманның адамдарындай. Бізді осы уақытқа дейін ешкім елемеген. Айтқанымызды істемеген. “Алтын дән” компаниясына рахмет. Айтқанымызды істеді. Қазір көшеміз бірқалыпты жағдайға келіп жатыр”.

Естір құлақ таппаған тұрғындар шыдамы таусылып, ақыр аяғында Шымкенттегі “Алтын Дән” компаниясына жүгініпті. Басшылық мәселеге бей-жай қарай алмаса керек. Бас аяғы бір аптаның көлемінде іске кіріскен. Ондағы ұзынды 320 метрді құрайтын бетонды арықтар сөзіміздің айғағы.

Роза ҚОНАРБАЕВА, “ЕКІНШІ КӨКСАЙ” елдімекенінің тұрғыны: “Алтын Дән” компаниясы болашақта көшемізге тас төсеп, бетондап береміз деп жатыр. Соған қуанудамыз. Енді көше бойында бетонды арық қойылмаған 200 метрдей жер қалды. Соны қойып берсе, жолымыз жақсарып, адамқатарлы өмір сүрер едік”.

Қайырымды компания қамқорлықты мұнымен ғана шектемейміз депті. “Алтын дән” мекемесі бетонды арықтарын көше бойына толықтай орнатпақ ниетте. Ал жолдың жалпы ұзындығы жарты шақырымнан асады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz