Жаңалықтар 

Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңа жылдың алғашқы айы суық болмақ

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда ауа райы құбылмалы болмақ. Ал еліміздің басқа жерлерінде қаңтар айында қар аз жауады деп болжам жасалынуда.

Еліміздің Оңтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 15-25, күндіз -5-13 градусқа төмендемек. Ал Солтүстік Қазақстанда күн күрт суытпақ. Сынап бағынасы түнде -25-35, ал күндіз -15-23 градусты көрсетпек.

Алайда  суық күндер, жылынып та тұрады. Еліміздің Оңтүстік өңірінде ауа температурасы -5 градус, ал солтүстік бөлігі -3,-8 градусқа дейін жылынады.

Related posts