«Қазпошта» үздік бастығын таңдады

225
байқау шарты бойынша дайындалған торт

«Қазпошта» байланыс торабы өз қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап алды. Қалалық пошта байланыс бөлімшілерінің бастықтары арасында ұйымдастырылған «Білікті басшы» байқауында он қызметкер бақ сынасты.

Олар «басшының бір күн » шартынан бастап, 4 түрлі сынақтан өтті. Әсіресе, «Пошта жаңалығы» сайысы әділ-қазылардың көңілінен шықса, үміткерлер «Үй тапсырмасы» байқауына барын салып дайындалыпты. Мұнда хат пен хабар таратып жүрген қызметкерлердің өзге саладан да біліктілігін байқауға болады.

Жарыс соңында жеңіске жеткен Қадиша Балымбетова бас жүлдені жеңіп алып, «Білікті басшы» атанып, республикалық сынға жолдама алды.

Ал №19 пошта байланыс бөлімінің бастығы Зейнеп Оспанова 1-орын алса, №20 бөлімнің бастығы Гүлзада Бұхарбаева 2-орын межесінен көрінді. Жүлделі 3-орынды Бақыт Абдуллаева місе тұтты.