Жаңалықтар 

“Қазыналы Оңтүстіктің” тағы 30 томының тұсауы кесілді


"Қазыналы Оңтүстік" көп томды кітап жинағы 300 том етіп жариялану жоспарланған.

“Жұлдызды 20 күн” аясындағы игі істі Мәдени мұраны қорғаушы- мәдениет қызметкерлері жалғастыруда. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада тарихи мәдени мұраны сақтап, насихаттауда жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы жайы туралы жиын өтті.

Дөңгелек үстел барысында өңіріміздің зиялы қауым өкілдері “Қазыналы оңтүстік” көп томды кітап жинағының 30 томының тұсауын кесті. Жыл аяғына дейін 65 томмен шығуы тиіс рухани мұраларымызды жинақтаған еңбек “Нұрлы әлем” баспасынан жарық көруде.

500-дік тиражбен оқырманға жол тартқан басылым облыстың барлық кітапханаларына таратылатын болады.

 

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "“Қазыналы Оңтүстіктің” тағы 30 томының тұсауы кесілді"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

“Қазыналы Оңтүстік” деп кітап шығарып жатыр. меніңше, осының бәрі ақша табудың жолы. менің қазіргі замандастарым бұл кітапты оқымайды да… Парақтап, суреттерін ғана көрмесек, басқасы далбаса

wpDiscuz