Жаңалықтар 

Үй жануарыңыз ережеге бағынатын болды

Енді шымкенттіктер үй жанаурларын  арнайы ережемен ұстайды.  Бұрын соңды малдәрігерлерінің өзі  мұндай ережемен  жұмыс жасап көрмеген.  Мәслихат отырысында қаралып,  бекітілген құжат бүгін заңды түрде рәсімдеуге кірісті.

Үш бөлім, 13 тараудан тұратын Шымкент қаласындағы жануарларды күтіп ұстау ережесін жасау 2009 жылы қолға алынған еді. Бірақ  кейбір кемшіліктерге байланысты әділет басқармасында тіркелмей қалған болатын. Айтылған ескертулерді жою мақсатында Астана мен Алматы қаласындағы ережелерге негізделіп, Оңтүстіктің менталитеті де ескеріліпті.

Шымкентте  мал ұстауға ыңғайлы елді мекендер баршылық. Ол азаматарға үй жануарларын ұстама деп тиым салуға болмайды. Енді  тек олар ережеде көрсетілген талаптарды орындаулары тиіс.

Осы ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершіліке тартылады. Мамандар ереже бекітілген жағдайда олардың  иесінің жауапкершілігі артады деп отыр. Содан барып, адам мен жануарларға ортақ аурулардың таралуына шектеу болады деген сенімде.

Ең бастысы қала орталығында үй жануарын көптеп ұстауға көршілері қарсы болған жағдайда талап осы ережедегі баптарға байланысты шешілетін болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz