Жаңалықтар 

“Ұлттық теңге-кемел болашақ кепілі” көрмесінен қапы қалмаңыз

“Жұлдызды 20 күндегі” теңге күні” облыстық өлкетану мұражайында көрмеленді.

Онда 9,10-ғасырларға жататын Қараханид дәуірінің монеталарынан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасына дейін көрерменге көрсетілді. Тәуелсіз елдің төл туындысын шығару тарихы айтылып, Қазақ елі ақшасының баспасына ағылшындық әріптестердің көмекке келгенін де баяндау ұмыт қалдырылған жоқ.

Жалпы саны мыңнан асатын теңгелер көрмесіне мектеп оқушылары мен университет студенттері және жоғары лауазымды қонақтар келді.

Төл теңгеміздің шыққанына биыл 18 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан ақшасы түрлі кезеңді бастан кешірді.

“Жұлдызды 20 күндегі “теңге күнінде”елдегі  атаулы күндерге байланысты ұлттық банк шығарған жалқы нұсқалы 82 монета сатылымға шығарылды. Олардың құны 5 мыңнан миллион теңгеге дейін барады. Сатып алушылар жағы да көп болды.

Айта өтейік, “Ұлттық теңге – кемел болашақ кепілі” көрмесі 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz