Жаңалықтар 

Әкімдіктер жаңа жыл мерекесін тойлауды бастады

Жаңа жыл мерекесін тойлау басталып кетті. Ең алдымен бұл мейрамды Еңбекші және Әл-Фараби аудандық әкімдіктері ұйымдастырды. №9 мектепте өткен іс-шараға жартылай және тұл жетім балалар қатыстырылды. Шырша тойын осы күні мұнда 500-ге жуық бүлдіршін тойлады.

Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығының әртістері жаңа жылдық мерекенің ажарын аша түсті. Аталмыш орталықта жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқандықтан, шырша тойын осында өткізуге тура келіпті. Алғашқы болып мерекені Еңбекші ауданының әкімдігі өткізді.

Әл-Фараби аудандық әкімдігі де балаларға базарлық жасаудан құр қалмады. 250 бүлдіршіннің басын біріктіріп, шырша тойын шаттықпен өткізді. Аяз атаның сыйлығы кешке қатысқан барша бүлдіршіндерді қуантты.

Жаңа жылдық мереке ең алдымен балалар үшін. Ұйымдастырушылар шырша тойын бірінші кезекте бүлдіршіндер үшін жасауды жөн көріпті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz