ҚР Жер ресурстары мемлекеттік агенттігі экс-басшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданбақ

255
Қайрат Қожамжаров

ҚР Жер ресурстары мемлекеттік агенттігінің экс-басшысы Өмірзақ Өзбековтың үстінен қозғалған қылмыстық іс жыл аяғына дейін сотқа жолданады. Бұлай деп экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағас Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

«Өзбековтың ісі өз мәресіне жетіп қалды. Мен ойлаймын, бұл іс жыл аяғына дейін айыптау қорытындысымен сотта жолданады,»-дейді қаржы полициясының бастығы.

Оның айтуынша Ө.Өзбековтың үстінен «өз қызметін асыра пайдаланған және жымқырған» деп айып тағылуда екен. Бұлай деп «Интерфакс-Казахстан» таратты.

«Қазіргі таңда қызметін асыра пайдаланды ма, жоқ па деген сұрақ төңірегінде жұмыс жасалып жатыр, бірақ бұның бәрі топтық іс»-деп жалғайды сөзін Қ.Қожамжаров.

Еске сала кетейік, Ө.Өзбеков пен оның орынбасары Бақытбек Нақыпбековке және өзге де қызметкерлеріне еліміздің Каспий теңізіне байланысты картасын жасау үшін бөлінген 1 млрд. тенге ($6,8 млн.) қаржыны жымқырған деген айып тағылған болатын. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.