«20 жұлдызды күн» шарасы аясынан қалам ұстағандар жағы да кенде қалған жоқ

Оңтүстік Рабат газетінің редакторы Жамиля Мамырәлі

Журналистер одағының Оңтүстіктегі филиалы мен Оңтүстік Қазақстан газеті ұйытқы болып, өз саласында абыройлы еңбек етіп жүрген 30-ға жуық журналисті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапаттады. Ерекше сыйға ие болғандардың арасында әріптесіміз, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жәмилә Мамырәлі де бар.

Осы күні «Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырған «Тәуелсіздік туындысы» байқауының жүлдегерлерінің арасынан Қайырғали Медеттің «Оптимист көкем» шығармасы үздік танылып, қаржылай сыйлық берілді. Сондай-ақ, «20 жылдық жаңару» фотобайқауының мықтылары да қажетті құрметтен шет қалған жоқ.

Жиында 70-тен аса БАҚ қызметкеріне Қазақстан Журналистер Одағының мүшелік билеті тапсырылды. Бір әттеген-айы, қоғамдағы болып жатқан көріністі қаз қалпында көрерменге ұсынып жүрген операторлар қауымы тағы сахна сыртында ұмыт қалды.