Антарктидаға қазақ туы тігілді

451
тау шыңын бағындырғандар

Қазақстандық экспедиция ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Оңтүстік полюсте қарсы алып, ақ континенттің 4600 шақырымға ұласқан қарлы сахарасынан Қазақстанның көк туын желбіретті.
Нұрлан Абдулов жетекшілік ететін экспедиция құрамында оңтүстікқазақстандық альпинистердің де барын атап айтқан жөн.

Осыған орай облыс басшысы А.Мырзахметов оңтүстікқазақстандық альпинистер Юрий мен Надежда Лукьяновтарды құттықтап, жеделхат жолдады. Айта кетейік, олар Антарктида құрылығындағы Винсон шыңын бағындырды.

Бұл оңтүстікқазақстандық альпинистердің алғашқы жетістігі емес. Олар бұған дейін Африкадағы – Килиманджаро, Оңтүстік Америкадағы Аконкагуа, Еуропадағы Эльбрус, Солтүстік Америкадағы Мак-Кинли, Австралиядағы Костюшко шыңдарына көтерілген болатын.