Қазақстан үкіметінің қаулысымен Оңтүстік-Қазақстан облысының Арыс қаласы, Арыс және Ордабасы аудандарының шекаралары кеңейтілді. Құжатты бұдан бұрын облыстық мәслихат депутаттары мен әкімдікте жіті қарап, Үкіметке жіберілген болатын.
Кәрім Мәсімов қол қойған шекараларды нақтылау қағаздарында Ордабасы ауданының Бөржар ауылының 500 гектар жері Арысқа, ал Арыс ауданынан 1888 гектар жер және Дермене ауыл округына қарасты 500 гектар жер көлемі Ордабасы ауданының шекарасына өтетіні нақтыланған.