Астаналық цирк Шымкентке келді (PR)

Елорданың өнер ордасы бүгін бүлдіршіндер үшін өзінің алғашқы бағдарламасын ұсынды. Аталмыш ұжым тұңғыш рет оңтүстікке келіп отыр.

Астаналық цирктің Шымкент «Мұз сарайында» қойылым қоятынын естіген жұрт таң сәріден топ болып жиналып қалды. Отандық өнерді тамашалауға үлкен де, кіші де келді. Сарайдағы 3 мың орын лық толып, ине шаншыр жер қалмады.

Сөйтіп, цирктің алғашқы нөмірлері де басталды. Биші акробаттар төбеде қалқып, қанат біткен адамның кейпін көрсетті. Отандық цирк түрлі аттар, түйелер мен понилардың үйретілуімен қойылымдар әзірлеп келіпті. Сайқымазақтар күлкінің сәнін келтірді. Астаналық цирктің өнерін тамашалуға еңбектеген баладан ересектерге дейін қызығушылық танытып келіпті.

Құрылғанына 6 жыл болған өнер ұжымының оңтүстіктегі гастрольге дайындығы көрерменді көп тәнті етті. Бұл олардың биылдыққа ел ішінде қойған алғашқы қойылымы. Гастрольдік сапарды Шымкенттен бастауды жөн көріпті.

Мұз сарайында ұйымдастырылған бағдарлама үш күнге жалғасады. Бүгіннен басталған бағдарлама күніне екі мезгіл қойылатын болады. Келемін деушілерге есік ашық.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c59NgahpCU4[/youtube]