Оқыс оқиға 

Ауа-райының қолайсыздығынан 5 көлік жол апатына ұшырады

Көктайғақ салдарынан Шымкенттегі Ташкент тасжолында жол көлік апаты орын алды. Қалаға кіре беріс жерде бір мезетте 5 автокөлік соқтығысқан. Алдын ала берілген ақпар бойынша барлығы көліктегі адамнның барлығы аман-есен.

Көктайғақтың салдарынан БМВ автокөлігінің жүргізушісі көлігін игере алмай, екінші жолға шығып кеткен. Жүргізуші барынша тырысқанымен көлікті игере алмаған.

БМВ көлігінің жүргізушісі: «Олар мені кінәлі қылып қоймақшы. Менің бұған еш қатысым жоқ. Олардың өздері шеше алмады».

«Фольксваген-Джета» БМВ-ге соқпас үшін тоқтап қалған. Бірақ мұз жол тағы да 3 көліктің соқтығысуына әкеліп соқты. Олар 2 Ауди мен Опель көліктері. Жол апатына ұшырағандар бұған БМВ көлігінің жүргізушісі кінәлі деп отыр.

«Фольксваген-Джета» көлігінің жүргізушісі: «Ол басқалары айналып өту үшін бір белгі қойып қоюы керек еді».

Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келді. Мамандар оқиғаның мән жайын анықтайтын болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz