Жаңалықтар Халық жаңалығы 

ОҚО-ның имамдары есеп берді

Шымкентте облысымыздағы барлық аудан, қала имамдарының қатысуымен жылдық қорытынды семинар мәжіліс өтті. Шара барысында аудан имамдарының жылдық есептері тыңдалды.

Қазіргі таңда жамағат тығыз қоныстанған Оңтүстікте 700-ден астам мешіт бар. Барлығы діни басқармаға тіркеліп, имамдар бас хазіреттің құзіретімен бұйрықталған. Жиында имам-молдалардың атқаратын қызметтері, мешіттердің құжаттарын ретке келтіру мен шаруашылықтарын жүйелеу сияқты мәселелер көтерілді.

Бүгінгі таңда халықты жаппай діни сауаттандырумен 300 ірі мешіт жанынан тұрақты курс жұмыс істейді екен. Үш мыңға жуық шәкірт тәлім алуда.

Биылғы жылы өкіл имамдардың ұйымдастыруымен облыстағы аудан, қала, өңірлерде діни жиындар мен мәжіліс, тренингтер тұрақты өтіпті. Сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуден Сайрам, Шардара, Қазығұрт аудандары көш бастап тұр.

Сондай-ақ облыстық мешіттің ықпалымен ай сайын көшпелі діни оқу семинарлары жүйелі түрде ұйымдастырылыпты. Мұндай діни оқуларда Құран, ақида және фиқһ дәрістері жүргізіледі.

 

Related posts