Жаңалықтар 

Аумақтық сайлау комиссиясы жаңа орынға қоныстанды

ОҚО аумақтық сайлау комиссиясы облыс әкімдігінің бірінші ғимаратына көшті. Желтоқсанның 12-не облыс мәслихатына 123 үміткер, қалалық мәслихатқа -149, аудандық мәслихатқа 421 үміткер тіркелді.

Қазірдің өзінде бір орынға екі, үш үміткерден келіп тұр дейді төраға. Үміткерлерді тіркеу жұмыстары 20-желтоқсанға дейін жалғасады. 21-нен бастап үгіт-насихат жұмыстары бастауын алады. Қазір сайлаушылардың тізімі пысықталып жатыр.

Бір айда сайлаушылар саны 15 мыңға артқан. Оның қаншалықты шындыққа жанасатынын комиссия анықтайды. Қаңтардың 15-не әрбір қазақстандық азамат өз таңдауын жасайды. Үш бюллетень бойынша сайлаушылар облыстық, қалалық, аудандық мәслихатқа халық қалаулыларын сайлайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz