Тұрғындар үйлерінде электр пештерін пайдалануға мәжбүр

204

3-шағынауданның тұрғындары ауа-райы күрт өзгергеннен әбігерге түсті. 3- топтағы мүгедек Валерий Кулешов бұл жағдай жылда қайталанады деп ашынады. Биыл ол жылыту құрылғысын пайдалануға мәжбүр болды. Бәрінен бұрын мардымсыз жылуға ақша қыруар деп ашынады тұрғын.

Осы үйдің 74-пәтерінде тұратын Людмила Устюгова зейнетақымның мөлшері 23 мың теңге, оны қайда жеткіземін. Жоқ жылуға төлеп, тамақтанбай отырайын ба?,-дейді.

Газ тұтынатын жеке меншік үйлердің тұрғындары аяздың салдарынан төлемдер өсетінін айтып отыр. Мәселен, «Пахтакор-1» шағынауданының тұрғыны Әсен Тоқпан айына 22-23 мың теңге төеймін дейді

Температуралық режимнің төмендігінен тұрғындардың басым көпшілігі үйлерін жылыту техникаларын пайдалануға мәжбүр. Күн суытқаннан бері тұрмыстық техникалар сататын дүкендерде жылыту қондырғыларына сұраныс артқан.

 Геннадий ГУДЕНКО, сатушы: «Қараша айымен салыстырғанда қазір желтоқсанда күн суығаннан бері жылыту қондырғыларын сатып алушылар көбейді. Сауда жақсы жүріп жатыр.»

Сапалы жылу болса, электр құрылғылардың қажеттілігі болмас еді. Жырға айналған жылу мәселесі күн тәртібінен сәуір айына дейін түспейтін сыңайлы дейді тұрғындар.