Жаңалықтар 

«Азат» шағын ауданыныда көптен күткен балабақша ашылды

«Ақ желкен» мектепке дейінгі мекемесі 320 бүлдіршінге шақталған. Қазір мұнда 200 бала қабылдауға дайын. Естеріңізге сала кетейік, Азаттағы бұл бөбекжайды салу барысында көптеген кедергілердің орын алып, ел игілігіне кеш берілетіндігі жайлы осыған дейінгі ақпараттарымызда айтқан болатынбыз.

Азаттық бүлдіршіндердің талайғы арманы орындалды. Сондықтан да қуанышты сәтке айрықша дайындық жасалған. Мекеме кілті тапсылырылды, тиісті рәсім де орындалды. Енді азат шағынауданындағы ата-аналардың көңілі тыныш. Үйде қалған баласы үшін уайымы аз, себебі, балғын бөбектер тәрбиешілердің қолында.

№34 балабақшаның дер кезінде ел игілігіне берілмей кешеуілдеп жатқаны жайлы осыған дейін деайтылған болатын. Дәл сонда кәріз жүйесі мен газ құбырындағы ақаулар біраз кедергі келтіріп еді.

«Балапан» бағдарламасы арқылы 500 млн. теңгеге салынған нысанның енді 320 бөбекті қабылдауына мүмкіндігі бар. Жатын орын мен жуыну және әжетхана мәселесі толығымен шешілген. Айлық ақы бір балақай үшін 6159 теңгені құрайды.

«Ақ желкен» бөбекжайы жыл басынан бері тұсауын кескен 5-ші балабақша. Жыл соңына дейін тағы екі балабақша ел иглігіне беріледі деп жоспарлануда. Жобадағы нысанның барлығы ашылған күннің өзінде Шымкенттегі балабақша үшін кезекте тұрған бала саны 32 мыңның көлемінде қала береді.

Related posts