Жаңалықтар 

«Азаттықтар» партия қатарынан шығып жатыр

«Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының бір топ мүшесі партия құрамынан шығатындарын мәлімдеді. Оған негізгі себеп кезектен тыс өтетін Парламент Мәжілісі сайлауына «Алға» және «Қазақстан Коммунистері» партияларының қатар түсуі.

Алты ай бойы жұмысын тоқтатқан коммунистер мен Алғалықтар саяси додаға қатысатын болса, халық даусынан құр қаламыз дейді Азаттықтар. Олар аталмыш мәлімдемені Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің жанында жиналу барысында жасады.

Айта кетейік, жуырда еліміздегі бірден-бір оппозициялық ұйым саналатын жалпы ұлттық социал демократиялық партиясы Алматыда сьезд өткізіп, кезектен тыс өтетін Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекіткен болатын.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "«Азаттықтар» партия қатарынан шығып жатыр"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Бизде азат деген де партия барма не

wpDiscuz