Жаңалықтар 

Баланың көз жанарын жаңа жылдық отшашудан сақтаңыз

Жыл сайын жаңа жыл мерекесіне орай, ата-аналар балаларын қуанту үшін түрлі пиротехникалық заттарды сатып алып жатады. Алайда, оны қолдану мен қауіпсіздік ережелерін дұрыс қадағалап жататындардың қатары аз.

Осыдан болар, дәл мерекелік кеште жазатайым оқиғалармен көз ауруханасына түрлі жарақаттар мен әртүрлі деңгейдегі күйік алған балалар түседі. Мұндайда біз қолдан келген бар көмекті көрсетеміз, бірақ жарақат алған баланың көз жанары қайта қалпына келуі екі талай.

Сондықтан тек лицензиялы дүкендерден ғана мерекелік отшашуларды алуға тырысыңыздар. Сонымен қатар, барлық қауіпсіздік шараларын қадағалап, техникалық қауіпсіздікке мұқият болған жөн.

Ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінің бұл мерекені от­ша­шу­ларсыз өткізгені дұрыс. Сонымен бірге пи­ро­тех­ника бұйымдарын балалардың қалтасына сал­мауын, көше­нің кез келген жерінен сатып алмауын, оларды адам­дарға бағыттамауын, тұрғын үйлердің маңында іске қоспауын тағы басқа да қауіпті әрекеттер жасамауын қа­дағалау қажет.

Көз-көру мүшесі. Әлемнің кереметін көру мүмкіндігінен айырылып қалмаңыздар!

Related posts